Компания туралы

Компания 2-дүниежүзілік соғыстан кейін 50-інші жылдардың басында құрылған және өзінің азаматтық құрылыс саласындағы қызметін орталық Италияда бастаған, кейін бірте-бірте өз қызметін кеңейткен.

90-ыншы жылдардың бірінші жартысында өзінің табысты қызметін бастады, сондай-ақ Алжирден және шығыс балқан елдерінен иеленген алғашқы келісім-шарттармен шекарадан тыс жерде де қызмет етті. Шекара сыртындағы алғашқы жобалардан кейін Беларусьте және Ресей Федерациясында біршама ауқымды жобалар орындалды; кейін Компанияға Молдовадағы, Болгариядағы және Румыниядағы жаңа жобалар беріліп, сәтті жүзеге асырылды.

2016 жылдың наурыз айында, PRIME Systems KZ TODINI Costruzioni Generali Spa-ның 100% үлесін иеленді.

90-ыншы жылдардың соңында Тодини Орталық Азиядағы өз қызметін Қазақстанда, Тәжікстанда, Әзірбайжанда, Украинада және таяуда Грузияда сәтті орындалған және иеленген маңызды жобалармен бастады.

Шығыс Еуропадағы және орталық Азия елдеріндегі барлық жобаларды маңызды қаржылық институттар қаржыландырған болатын, ал дәлірек айтқанда:

• Әлемдік банк тобының Халықаралық қайта құру және даму банкі;

• Еуропалық қайта құру және даму банкі;

•Азиялық даму банкі;

• Еуропалық инвестициялар банкі;

•Жапондық халықаралық ынтымақтастық банкі.

Осы кезеңде шығыс Еуропа елдерінде және бұрынғы Кеңес Одағының елдерінде жалпы ұзындығы 2 000 км астам жолды қалпына келтіру жобалары орындалды. 

Сондай-ақ маңызды көпірлік жұмыстар орындалды, соның екеуі Ресейде Мәскеу өзені арқылы Мәскеу қаласы шегінде.

90-ыншы жылдардың соңында Тодини қызметі Грецияда авто және теміржол жолдарын салу саласындағы, сондай-ақ 2004 жылғы Олимпиада ойындарына қатысты ғимараттар мен имараттарды салудағы маңызды жобаларды сатып алудан басталды.

Бірлескен кәсіпорын жергілікті серіктестермен бірлесіп Ойындар үшін Олимпиада аулының орталығында Әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігін салды; ғимарат ойындар кезінде алғша рет Қабылдау үйі ретінде пайдаланылды.

Компания жергілікті Мердігермен бірлесіп сонымен қоса Афиныда метро станциясы мен тоннельдің құрылысын аяқтады.

Тодини Солтүстік Африкадағы маңызды жобаларды орындауға тартылған: Тунисте Тунис – Сфакс- Габес жол учаскесін салу.

Сайтқа өту